Шу ауданының әкімі қарияларды мерекелерімен құттықтады

0 20

Бүгін қазыналы қарттар күні мерекесіне орай Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров қариялардың үйіне барып, мерекелерімен құттықтап қайтты, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарст агенттігі.

Аудан әкімі заманында ауданның өсіп өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, жауапты қызметтерді абыроймен атқарып келген Тоқтасын Омбайұлы қарияның шаңырағында болды.

Сексеннің сеңгіріне шыққан, өмірден көргені мен түйгені мол қарияның халін сұрап, талап-тілектерін тыңдады.

— Егдесін ескеріп, қартын қадірлеген қоғамның ізгілігі біздің жүрегімізді жылытып, қуат бере түседі, — дейді ақсақал.

— Бүгінгі жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу мен белсенді өмір ұстанымын қалыптастыруда да ардагер ата-апаларымыздың өмірі мен еңбек жолдары біздерге үлгі.​ Қарттар күні мерекесі құтты болсын! Қарттары бар ел — бақытты ел, байыпты ел. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарияларымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін! — деді Нұржан Сәбитұлы!

Leave A Reply

Your email address will not be published.