Сарысулықтар асарлатудан алда

0 0

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған «Асар бағдарламасы» аясында ағымдағы жылдың маусым айында Сарысу ауданында «Асарлатып үй салу» жобасы басталған болатын. Осы жоба аясында Игілік ауылдық округінің орталығы Өндіріс ауылында округ әкімі Жандос Жанайдаровтың ұйымдастырумен ауылдағы жалғыз басты зейнеткер Нағима Болбыракованың тұрғын үйін күрделі жөндеуден өткізіп берді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жоба мақсаты – «Асар» үрдісін жаңғыру , әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі көп балалы отбасыларға үй салып беру.

Осы баспананың салынуына Игілік ауылдық округінің жұмысшылары Ж.Досаев, Ұ.Көшербаев, С.Ақболтаев, Р.Абдықадыров, Б.Қалдыбаев сынды азаматтар аянбай еңбек етіп өз үлестерін қосты.

Сонымен қатар демеушілік көрсетуге ауыл азаматтары және Сейілбек Жұматаев өз үлестерін қосты. Осы азаматтарға аудан әкімі алғысын білдірді.

Қуаныш иесі  Нағима Болбыракова қуаныштан көзіне жас алып, алғысын жеткізді.

Айта кетейік, лента кесу рәсімін аудан әкімімен Игілік ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіпалиев Қойшыбай өткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.