Жамбыл ауданына жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік транзитінің Көлқайнар ауылдық округі аумағындағы сервистік қызмет көрсету нысаның құрылысын көрді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
«Мақтарал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құны 200 млн теңгеге жуық қаражатқа сервистік қызмет көрсету нысанының құрылысын жүргізуде.
Аудан әкімі Сәкен Арубаевтың айтуынша, мұнда көлік дәлізіндегі жүргіншілерінге, аймақ жұртшылығы мен қонақтарына демалу, тынығу, қонақ үй, дәмхана қызметтері, көлік жуу, желімдеу, май алмастыру, автотұрақ қызметтері ұсынылады.