Жуалы ауданында 30 елді мекен 40 493 тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етілген

0 6

Жуалы ауданы көлеміндегі 49 елді мекенде тұратын 53 548 тұрғынның 2020 жылға дейін табиғи газбен қамтылу деңгейіне келсек, 30 елді мекен, 40 493 тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етіліп, көрсеткіш 75,6 процентті құраған , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ал, 2020 жылы сегіз елді мекенге газ тартылып, жалпы  38 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Атап айтқанда, Тасбастау, Кәріқорған, Қоңыртөбе, Шыңбұлақ, Майбұлақ, Қосмұрат, Күреңбел ауылдары және Шақпақ станциясы елді мекендері. Сонымен қатар, Қаратас, Ертай, Көлтоған, Рысбек батыр, Ақтасты, Қошқарата, Қызтоған ауылдарына кварталішілік газ тартуға 553 миллион теңгеге ЖСҚ (жобалық-сметалық құжат) әзірленіп, облыстық тиісті басқармаға бюджеттік өтінім тапсырылған және аталған елді мекендерге магистральді газ құбыры толық тартылып отыр. Көлтоған және Ертай елді мекендеріне табиғи газ кіргізуге қажетті қаржы қарастырылып, қазіргі таңда жеңімпаз анықталып, жұмыстар басталып та кетті.

Табиғи газ ең таза органикалық отын болғандықтан, ауданның елді мекендерін газдандыру жобасы экологиялық жағдайды едәуір жақсартуға, зиянды қалдықтар көлемін айтарлықтай қысқартуға ықпал етпек. Сонымен қатар, үй жылыту, тамақ дайындау және басқа да тұрмыстық қажеттіліктер үшін табиғи газды пайдалану тұтынушылардың шығындарын да едәуір азайтатыны анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.