Мойынқұм ауданында биыл 788 гектар сүр айдалған

0 1

Мойынқұм ауданында биыл 5662 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылып, 788 гектарға сүр айдалды, — , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жер пайдалану көрсеткіші 100%-ға орындалып, 2170 гектарға дәнді және дәнді бұршақты дақылдар, 20 гектарға майлы дақылдар, 2702 гектарға көпжылдық шөп, 150 гектарға картоп орналастырылды. 220 гектар көкөніс пен 400 гектар бақша дақылдары егіліп, көктемгі егіс дала жұмыстары өз деңгейінде аяқталды.

Осы егін шаруашылығы жоспарын іске асыру мақсатында биылғы жылы да аудандағы 4 тоғанның 17,8 шақырым жерін механикалық тазалаудан өткізіліп , 22 дана гидро қондырғылар орнатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.