Мойынқұм ауданында «Отбасылық кеңес беру»кабинеті ашылды

0 3

Мойынқұм ауданында «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында аудан әкімдігінің ғимаратынан «Отбасылық кеңес беру» кабинеті ашылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кабинеттің ашылу салтанатына аудандық соттың төрағасы Б.Абуев, аудан әкімінің орынбасары Е.Амирханов, аудан әкімдігінің аппарат басшысы Н.Атаева, Мойынқұм ауданының Билер кеңесінің төрағасы, төбе би Ж.Қалыбаев, Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің бас маманы Е.Қалымбетова және «Бастау» жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Мойынқұм аудандық сотының төрағасы Б.Абуев іс-шараны аша келе, «Отбасылық кеңес беру» кабинетінің міндеті- ерлі-зайыптыларға бір-бірін тыңдап, түсінетін оңтайлы атмосфера құру, жаңадан отбасын құрып жатқан жас жұбайларға отбасылық құндылықтарды насихаттау және баланы тәрбиелеудің ерекшеліктерін түсіндіру, отбасындағы қиындықтар мен қайшылықтарды шешуге психологиялық және құқықтық көмек көрсету екенін атап өтті. Сонымен қатар, отбасылық жанжалдарды шешу кезінде тұрғындар арасында татуластыру рәсімдерін белсенді түрде насихаттау және кеңінен қолдану қажеттілігін түсіндірді.

Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Е.Амирханов пен Мойынқұм ауданының Төбе биі Ж.Қалыбаев кабинеттің лентасын қиып, салтанатты түрде ашты.
Енді, «Отбасылық кеңес беру» кабинетіне отбасы проблемаларын шешу үшін ақыл-кеңес алуға кез-келген аудан тұрғыны жүгіне алады.

Іс-шара соңында қатысушылар жобаға қолдау білдіре отырып, аталған кабинет елімізде ажырасушы отбасылар санын төмендетіп, жас отбасылардың некесін сақтап қалуда зор ықпал ететінін атап өтті.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.