Мойынқұм ауданында «Өсірейік ардагерлер мерейін» атты іс -шара ұйымдастырылды

0 28

Бүкіл күш-жігерін өмірін, жастығын, елеулі еңбегін халыққа арнап, әр салада жұмыс жасаған , бала-шағаларын өсіріп жеткізген, қазіргі кезде зейнеттің рахатын көріп отырған, ауданымызда қадірлі Ардагерлеріміз баршылық.Олардың қатарында егіс алқабында еңбек етіп, жүгері өсіріп, мал азығын даярлаған атақты механизаторлар, мал санын көбейтіп елеулі еңбектерімен құрметке бөленген шопан, жылқышылар, совхоздың әр саласында еңбек еткен жұмысшылар, қырықтықшы, сауыншылар, балаларды білім нәрімен сусындатқан ұстаздар да бар. 23-сәуір күні Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында облыстық Ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толуына орай Биназар ауылы әкімдігінің жанында құрылған Іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Өсірейік ардагерлер мерейін» атты ісшара өткізілді.

Жиынға аудан әкімі Әлихан Балқыбеков арнайы барып, ардақты ардагерлерді құттықтап, ізгі ниетін білдірді. Аталмыш шараға облыстық билер кеңесінің төрағасының орынбасары Жұмабек Талғат Ақатұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған аналар кеңесінің төрайымы Оспанова Хадиша Аяғанқызы қатысты. Тағлымы мол шарада ең алдымен гүл шоқтары қойылып, түрлі қазақы әндер айтылып, арнаулар мен термелер тыңдалды. Сондай-ақ ардагерлер аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, жиын соңында келген қонақтарға арнайы дастархан жайылып, ас берділді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.