Алтын құрсақты Ана ардақталды

0 4
10 мамыр — Аналар күніне орай, бүгін аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков пен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Сәлімова Ұ.Сыздықбаев ауылының тұрғыны, Еңбек ардагері, 13 баланы тәрбиелеп өсірген батыр ана Орынбасар Мүсірәлиеваның шаңырағында болып, мерекемен құттықтады.
Бүгінде 13 баладан 40 немере, 37 шөбере сүйіп, әулеттің шамшырағы болып отырған Орынбасар әжей 1942 жылдың 1 қаңтары күні Ақтоғай ауылында дүниеге келген. Батыр ана ұзақ жылдардағы еңбегі еленіп, сол кездегі КСРО — нің төрағасы Брежневтың қолынан марапат алған. Аудан әкімінің орынбасары Жұмат Жұмабекұлы ардақты анаға ақжолтай тілегін білдіріп, «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін тағып, сый-сияпат жасады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.