Жазасын өтеушілерге кәсіптік білім туралы диплом тапсырылды

0 17

Сотталғандарды әлеуметтік ортаға қайта бейімдеу көкейкесті мәселелердің бірі, оның шешімі тек құқық-қорғау органдары емес, нақты мемлекет және азаматтық қоғам институттарына тәуелді. Бұл мәселе әсіресе Білім және ғылым министірлігі мен оқу орындарымен тығыз байланысты.

Шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, Қазақстан сотталғандарды әлеуметтік бейімдеудің жеке процесін әзірлеген еді. Ол арқылы сотталғандар абақтыда отырып кәсіптік білім ала алады. Олар бостандыққа шыққан кезде өзгелер сияқты жұмыс істеп кетуі үшін осындай жағдай жасалған.

Аталмыш жағдай көптеген жазасын өтеушілерге кәсіптік және техникалық білім алып, дипломын иеленуге мүмкіндік беріп отыр. Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға кәсіптік білім алғаны туралы құжаттар тапсырылыды. Түзеу мекемесінің жанындағы №5 техникалық және кәсіптік білім колледжінің «тас өңдеуші»  мамандығы бойынша 17 сотталған азамат аяқтап, аталған оқу орнының дипломын алды. Оқу құжатын мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет майоры Қайнар Рахмандердиев тапсырды. Аталған азаматтар күндізгі оқыту негізі бойынша білім алған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.