Сырмақ сырудан шеберлік сағаты өтті

0 13
«Өшпес мұра» Жамбыл облысы қолөнершілер ассоциациясының шеберлері Айткүл Аңламасқызын тәжірибе алмасу мақсатында «Анаға тағзым» орталығына қонаққа шақырды. Айткүл Аңламасқызы – Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 76 жастағы ақ жаулықты ана бар өмірін өрнек тоқу, киіз үй жасау, басқұр тоқуға арнаған шебер.
 Орталықтың «Бойтұмар» қолөнер және дизайн студиясының жетекшісі Гүлнар Абдуллаева және қазақтың ұлттық бас киімдері мен кимешек тігудің хас шебері Жантаева Аманкүл бастаған қыз-келіншектер әуелі Айткүл апаның шаңырағында шеберлік сағатын өткізді.
Жүн түту, сырмақ сыру, ұршық иірудің қыр-сырын үйреніп қайтқан қолөнершілердің кездесуі «Анаға тағзым» орталығында жалғасын тапты. «Алтын қолды шеберлерден дәріс алып, оны жастарға үйрету – біздің міндетіміз»,-дейді Гүлнар ханым. Өз кезегінде Айткүл Аңламасқызы осындай тағылымы мол сабақтың өтуіне себепші болған «Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғалиға үлкен ризашылығын білдірді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.