Асар-ел бірлігі

0 5

Бірлік ауылында «Асар» жобасымен алынған тұрғын үйдің кілті тапсырылды.
Аудан басшысы Ә.Балқыбеков үй иесі М. Баялиевті баспаналы болуымен құттықтап, өзінің ізгі ниет тілектерін жеткізді. Сондай ақ игі тіршілікті ұйымдастырған Бірлік ауылының жастарына аудан халқы атынан рахметін айтып «Алғыс хат»табыстады.
Содан кейін ауыл биі Кемпірбай ақсақал құттықтау сөз сөйлеп ауылдың ақсақалдар алқасының төрағасы М.Иманалиев батасын берді. Содан соң Асарлатып алынған үйдің лентасын ауыл ақсақалы М.Иманалиев пен аудан басшысы Ә.Балқыбеков қиып, ауыл әжелері тәттіден шашу шашты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.