«Жина, сұрыпта, қайта өңде» экологиялық акциясы ұйымдастырылды

0 2

Байзақ ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында №7 орта мектепте оқушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шара өтті.
Бүгінгі таңда, экология мәселесі — адамзат алдында тұрған басты міндеттердің бірі екені белгілі. Қоршаған ортаны таза ұстау мен табиғи ресурстарды сақтау үшін қоқысты сұрыптау аса маңызды қадам болып табылады. Қоқысты сұрыптау — тұрмыстық қалдықтарды өңдеуге және қайта пайдалануға мүмкіндік беретін үдеріс. Осыған орай, «Жина, сұрыпта, қайта өңде» тақырыбын қамтыған шара барысында мектеп оқушылары өздерінің жұмыстарымен таныстырды. Атап айтар болсақ, 6-сынып оқушыларынан құралған эковолонтерлар тобы топырақсыз ортада өсімдіктерді өсіру жұмысын көрсетті. Олар гидропоника әдісімен ағаш тұқымдарын өсіріп, ағаш көшеттерін түбектерге отырғызды. «Қоқысқа екінші өмір сыйла» жобасы бойынша орта буын оқушылары да түрлі бұйымдар жасап келген. 8 «Ә» сынып оқушысы Аман Мадина «Менің болашақ қалам» тақырыбында жасаған өзінің макетін таныстырды. Сонымен қатар, қалдықтарды дұрыс жинап, табиғатты ластанудан қорғау мақсатында құрылған «Эко бокс» жобасы да көпшілік назарына ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.