Аймақтық коучингте бірқатар мәселелер қаузалды

0 4

Ағымдағы жылдың 15-16 мамырында Қордай ауданында облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің  ұйымдастыруымен «Мемлекеттік саясаттың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы қазіргі жай-күйі: өңірлік даму ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық коучинг өтті.
Аталмыш жиынға мемлекеттік қызметкерлер, жергілікті тұрғындар, жастар және этномәдени бірлестік мүшелері қатысты.
Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің сарапшысы Рианна Жалпанова модераторлық еткен семинар- тренингте М.Хайдар Дулати атындағы Тараз университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушылары, психология ғылымдарының магистрлері Айгүл Абдрахманова мен Айнұр Берденова «Лудомания – XXI ғасыр дерті» және «Қарым-қатынасты қалыптастырудың психологиялық негізі» тақырыптарында арнайы дәрістер оқып, тренингтер жүргізді.
Заманның талабына сай, қоғамның түрлі дертіне айналған амалдардан алшақтатуға бағытталған семинарда екі күн бойы қатысушылардың сан — сауалдарына мамандар тарапынан мардымды жауап берілді. Жас жеткіншектерді жаман әдеттен арылту мақсатында түрлі тақырыптар қозғалып, олардан арылу және алдын алу шаралары турасында өзара пікірлер мен ұсыныстары айтылды.
Аталмыш семинарлар алдағы уақытта этностар көп шоғырланған аудандарда өз жалғасын табатын  болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.