Дарынды оқушылармен кездесті

0 5

Сарыкемер ауылындағы №7 орта мектебінде аудан әкімі дарынды оқушылармен кездесіп, ашық сұхбат алаңын өткізді.
Оған халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда топ жарған 20 оқушы қатысты.
Басқосуда -аймақ басшысы:  “Қазіргі заманда білімді және кәсіби маман болу өте маңызды. Білімді адамның шамасы бәріне жетеді. Сендер үшін ең бастысы оқып, білім алу. Бос уақыттарыңды тиімді пайдаланып, тіл үйреніңдер. Бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасатындарына сенімдімін”, — деді.
Еркін форматта өткен кездесу барысында оқушылар аудан әкіміне көкейдегі сұрақтарын қойды. Олжас Елебекұлы сауалдарға жауап бере отырып, өмірлік тәжірибесімен  бөлісті.
Жиын соңында оқушылардың білім сайыстарындағы жетістіктерін бағалай отырып, «Әулиеата — кітап оқитын өңір» жобасы аясында кітаптар мен Алғыс хаттарды табыстады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.