Қолөнер бұйымдары жәрмеңкесі мен сурет көрмесі ұйымдастырылды

0 5
Ағымдағы жылғы 28 мамыр күні AMANAT партиясы Талас аудандық филиалы «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында Қаратау қаласындағы Балаларды оңалту орталығының мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдары жәрмеңкесі мен сурет көрмесін ұйымдастыруға атсалысты.
 Қолөнер бұйымдары жәрмеңкесі мен сурет көрмесіне партиядан сайланған аудандық мәслихаттың депутаттары мен саяси кеңес мүшелері қатысты.
Жәрмеңке барысында қатысушылар қолөнер бұйымдарымен танысты.
Партия Талас аудандық филиалының төрағасы Д.Маселбеков мүмкіндігі шектеулі жас қолөнер шеберлерін қолдау мақсатында аудандық филиалдың және партиядан сайланған аудандық мәслихат депуттары атынан сый-құрмет көрсетіп алғыс хаттармен марапаттады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.