Әулиеаталықтар үшін жағымды жаңалық. Бүгін Таразда креативті индустрияны дамытуға бағытталған «Қолөнершілер үйі» ашылды. Бұл еліміз бойынша алғаш рет ашылған креатив хабар.
Бұл Таразда ашылған «Қолөнершілер үйі». Нысан – өңірдегі креативті кәсіп өкілдерін қолдауға арналған алғашқы ауқымды алаң. Мұнда «Өшпес Мұра», «Қолөнер-Тараз», «Қолөнершілер Одағы», «Шебер Шаңырақ» сынды қоғамдық бірлестіктер мен 190-ға жуық қолөнерші жұмыс істейді. Сондықтан бұл жерде шеберлерге кәсібін дамыту, өнімдерін коммерцияландыру және жастарға тәжірибе беру мүмкіндіктері қарастырылған.
— Бұл жерде өте ыңғайлы барлық жұмыстарымызды жасағанға және бір-бірімізбен пікірталас, бір-бірімізден мастер кластар алуға өте ыңғайлы. Және туристерді әкеліп көрсететін астында бізде шоурум бар,-дейді облыстық суретшілер одағының мүшесі Рахат Сапаралиева.
«Қолөнершілер үйінің» ашылуына келген қонақтарға жергілікті шеберлер өз туындыларын таныстырды. Мұндағы киізден жасалған бұйымдар, ағаштан ою-өрнектелген дүниелер, шиден тоқылған кілемшелер сияқты қолөнер туындылары көздің жауын алады. Тараздық қолөнершілердің басын тоғыстырған бұл орталықтың ашылуына алдымен ісмерлер дән риза.
Сара Мәдиева, — Қолөнершілер палатасынан біз шеберлерді шақыртып. 4 адам келіп кешеден бері оқу өткізіп жатыр. Нәтижесінде бұлар сертификат алады. Жалпы бұның барлығы бүгінгі таңда жекелеген кәсіп иелеріне жекелеген қолдау, — деді облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Сара Мадиева.
Тараз қаласы 2022 жылы Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы мәртебесіне ие болған алғашқы қазақстандық қала ретінде әлемдік деңгейдегі мойындауға ие болды. Қазіргі таңда ЮНЕСКО-ның шығармашылық қалалар тізіміне ену үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Бүкіл Тараздың қолөнершілерінің барлығын бір шаңырақ астына қосып, болашақта ол жерде шәкірттер де болады. Ол жерде болашақта даму да болады,-дейді
«АSPARA FASHION WEEK» халықаралық сән апталығының президенті Айдархан Қалиев.
Бұдан соң креативті индустрия өкілдері форумда бас қосты. Жиынға қатысушылар сала бойынша атқарылған тірліктер мен жеткен жетістіктерге тоқталды.Енді Жамбылдықтар бұл бастамадан үлкен үміт күтеді. Себебі, “Қолөнершілер үйі” жастарға ұлттық өнерді үйретуге , жұмыссыздықты азайтуға және өңірлік туризмді дамытуға серпін береді деген сенім бар.