«Әйелдердің саяси көшбасшы мектебі» тақырыбында өткен семинар аяқталды

0 2
Іскерлік пен қабілетті арттыруда бүгінде әйел азаматшаларының үлесі мол. Қоғамдағы рөлін анық сезініп, ұлтжандылыққа жетелейтін айқын бағдармен жарқын болашақты бірге қалыптастырып келеді.
Бүгін аудандық «Коворкинг» орталығында «Әйелдердің саяси мектебі» тақырыбында семинар өз мәресіне жетті. Екі күндік семинарда Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Айтбала Жолмаханова, Жамбыл облысы бойынша әйелдердің құқықтары жөніндегі уәкілі, облыстық әйелдер күші Альянсының төрағасы Айман Қайназарова, English Internetional компаниясының тренері Гүлжан Ибраимова, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша Филиалының аға оқытушысы Тәттігүл Орынтай, «AMANAT» партиясы әйелдер қанаты жетекшісінің кеңесшісі Дамеш Үскумбаева және «AMANAT” партиясы Жамбыл облыстық филиалы
басшысының кеңесшісі Рахия Тұрмаханбетова қатысып, түрлі тақырыптарда ой қозғады.
Семинар барысында ауданымыздың көшбасшы әйелдері түрлі идеялармен бөлісіп, өткір ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, мол тәжірибе алмасудың алаңына айналған семинар оң нәтижесін береді деген сеніммен қарады.
Шара соңында 30 қатысушыға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сертификаттар тапсырылды. Екі күндік семинар осылайша өзіндік салмағымен есте қалды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.