Аймақта азаматтардың жұмыспен қамтылу деңгейі-64,4%

0 4

Еліміз бойынша биыл азаматтардың жұмыспен қамтылу деңгейі — 64,4%-ды құрайды. Бұл 15 жастан асқан жасөспірімдерді қоса есептегендегі көрсеткіш. Ал, жұмыс күшінің саны — 95,4%-ға жетті. Жамбылда ресми көрсеткіште жұмыссыз деп тіркелгендердің саны шамамен 24 мыңды құрайды.
Жұмыспен қамтудың бір құралы – субсидияланатын жұмыс орындары. Бұл – жастарға алғашқы еңбек тәжірибесін алуға, ал егде жастағы азаматтарға зейнеталды кезеңде қолдау көрсетуге бағытталған жоба. Осы жоба арқылы жұмысқа орналасқан жас маман Айгерім Наурызбай. Кейіпкеріміз қаладағы «Жансая» емханасында медбиеке болып тәжірибе жинап, алғашқы еңбек жолын бастаған.
Бағдарлама аясында «Жансая» емханасында жастар практикасы арқылы – 4 жас маман. Ақылы қоғамдық жұмыс арқылы – 4 адам. Және «Күміс жас» жобасымен жұмысқа қабылданған — 2 зейнеткер бар.
: Одан бөлек кәсіп бастаймын деген азаматтарға мемлекет бір реттік қайтарымсыз грант беріп, стартап жобаға қолдау көрсетеді. Бұл 400 айлықтық есептік көрсеткішті құрайтын қаражат. Шамалап айтқанда 1 миллион 600мың теңге көлеміндегі ақша. Өткен жылы өңірде 1008 азаматқа грант берілген. Биылда бұл жұмыстар өз жалғасын табуда.
Еңбек нарығын дамытудың 5 жылдық жоспары – нақты іске асып жатқан жүйелі саясат. Оның арқасында мыңдаған азамат жаңа мамандық игеріп, жұмысқа орналасып, тіпті жеке кәсібін дөңгелетіп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.