Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс отыз бірінші сессиясына қатысты.
Жиында әуелі қала әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндады.
2025 жылға арналған қалалық бюджетті нақтылау жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 96-бабын басшылыққа ала отырып және осы жылдың 30 шілдесінде облыстық бюджетке нақтылау жүргізілуіне байланысты қалыптастырылған. Кезекті бюджетті нақтылау барысында республикалық бюджет шығыстары бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемдерінен 757,3 миллион теңгеге ағымдағы нысаналы трансферттер қысқартылды.
Сонымен қатар, облыстық бюджет шығыстары бойынша жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарын шығару есебінен 7 048,9 миллион теңге сомасында кредит қарастырылып, бірқатар жобаларды іске асыруға бағытталды.
Бұдан бөлек сессияда жер учаскесінің мемлекет мұқтажы үшін алынуына байланысты шарттардың жобасына келісу, «Тараз қаласы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің құрамын бекіту туралы» қалалық мәслихаттың 2024 жылғы 12 шілдедегі №17-6 шешіміне өзгерістер енгізу және «Тараз қаласы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңес құрамын бекіту туралы» қалалық мәслихаттың 2021 жылғы 26 наурыздағы №3-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.