Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» ғимаратында Жамбыл облысы Әділет департаментінің Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен «Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Алимент және атқарушылық өндірістер» тақырыбында тұсіндірме жұмыстары өткізілді.
Іс-шара барысында азаматтарға алимент өндіру тәртібі, атқарушылық құжаттарды орындау мәселелері, борышкерге қатысты қолданылатын шаралар және заңнама талаптары бойынша тұсіндірме берілді.
Іс-шараның мақсаты-халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық көмек керсету. Іс-шараға «Отбасылық әлеуметтік даму орталығы”, “Аналар үйінен», «Дағдарыс ортальғынан» 40-қа-жуык азаматтар қатысты.