2018 жылы елімізді 90% бензинмен қамтамасыз етеміз

0 11
«Бензин мәселесіне тоқталайын. Бұл туралы өткен жылы да айтқанбыз. Біз 14,9 млн тонна мұнайды зауыттарда өңдедік. Биыл 1,2 млн мұнайды артық өңдейміз. Ал, елімізді 90% бензинмен қамтамасыз етіп, қалған 10% бензинді сыртқа экспорттаймыз», — деді министр.

Сонымен қатар, Қанат Бозымбаев елімізде арнайы жанар-жағармай қоры құрылуы мүмкін екенін айтты.

«Біз Үкіметке арнайы ұсыныс жібергелі отырмыз. Анығын айтсақ, биыл Қазақстанда бензин, дизель, әуекеросин өнімдерінің резерв қорын құру керек деген ұсыныс дайындағалы отырмыз. Бұл мәселе пысықталып жатыр», — деді ведомство басшысы.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.