Жеңістің 81 жылдығына орай Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағы аумағында орналасқан Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Еске алу шарасына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен олардың ұрпақтары, тұрғындар жиналды.
Сондай-ақ облыстық, қалалық мәслихаттың, қоғамдық кеңестің, партиялардың төрағалары, құзырлы орган, зиялы қауым және этномәдени бірлестік өкілдері, ЖОО ректорлары да тағылымды шараның ортасынан табылды.
Жиналғандар майдан даласында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті.
