Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның экономикасын жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссия отырысын өткізді

0 16

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссия отырысы өтті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты хабарлады.

Отырыс барысында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халыққа Жолдауы аясында еліміздің тұрақты экономикалық өсімін және экономиканы жаңғыртуды қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, 2016–2020 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарлары, 2018 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ топтарының кейбір активтерін бәсекелі ортаға беру тетіктері, ауыл шаруашылығы, инвестициялар және даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, энергетика, қаржы, мәдениет және спорт, білім және ғылым, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау салаларын жаңғырту жұмысының жүйесін ретке келтіру бойынша министрліктердің тәсілдері қаралды.

Фото: primeminister.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.