Талас аудандық ІІБ ғимараты күрделі жөндеуден өтті

0 5

Талас ауданында күрделі жөндеуден өткен Ішкі істер бөлімінің ғимараты салтанатты түрде ашылды. Мемлекеттік маңызы зор ғимараттың қолданысқа беріліп, ашылуына Жамбыл облыстық ішкі істер органдарының басшылары түгелдей қатысты. Ашылу салтанатының алғашқы сөзі Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Тілеген Маткеновке берілді.

– Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев «Полицейлер – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде алдыңғы шепте тұратын адамдар» — деуі полицейлер қызметінің  маңыздылығын айқындап көрсетіп отыр. Сол себепті, қоғамның тыныштығы мен ел қауіпсіздігіне жауапты жандар қандай құрметке болмасын лайықты, — деді полиция генерал-майоры өз сөзінде.

Келесі кезекте шараға жиналған қауым толық жаңғыртудан өткен ғимаратты аралап көріп, күрделі жұмыс нәтежиесімен танысты. Сонан соң, ғимараттың мәжіліс залында ІІД қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізілді. Жиналыста аудан әкімінің орынбасары Серік Дадабаев сөз сөйлеп, аудандық ішкі істер бөліміне аудан әкімдігі тарапынан көрсететін көмектерін айтып өтті.

Аудан полицейлері қоғамдық тыныштықты сақтап, азаматтардың қауіпсіз тіршілігін қамтамасыз етуде тынымсыз еңбек етіп келеді. Сол себепті, тіртіп сақшыларының жайлы жағдайда жұмыс істеуі аса маңызды. Осыған орай, Талас аудандық Ішкі істер бөліміне алдағы уақытта 3 автокөлікпен және қажетті компьютерлермен қамтамасыз ететін боламыз. Сонымен қатар бір тірек пунк соғып беруді жоспарлап отырмыз, — деді аудан әкімінің орынбасары.

Бұдан бөлек, ауданың ардақты қонақтары, офицерлер және ардагерлер сөз сөйлеп, полиция қызметкерлеріне ұсыныстары мен алғыстарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.