Референдум -2026: Геннадий Головкин Таиландта дауыс берді

0 4

Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, «World Boxing» ұйымының президенті Геннадий Головкин референдумда дауыс берді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Бангкок қаласында өтіп жатқан World Boxing Futures Cup 2026 халықаралық турниріне қатысу аясында Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі жанындағы #453 референдум учаскесіне келіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді.

Геннадий Головкин азаматтардың ел үшін маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуының маңыздылығын атап өтіп, республикалық референдумның мемлекеттің одан әрі дамуы мен нығаюындағы рөліне назар аударды.

Айта кетейік, Өзбекстан астанасындағы Қазақстан елшілігінде орналасқан референдум учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де өз жұмысын бастады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.