Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лондонның ICE Futures биржасында наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,93 долларға қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 69,96 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың ақпан айында жеткізілетін фьючерстері 0,9 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 64,47 доллар болды.
Дереккөз: inform.kz