Архивтердегі ақылы қызметтерді кеңейтуді көздейтін заң жобасы мақұлданды

0 15

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Отырыста аталған заң жобасын депутаттарға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы таныстырды.

«Заң жобасының негізгі мақсаты – құжаттамалық қамтамасыз етудің жаңа ақпараттық нысандарын өмірдің барлық салаларына белсенді түрде ықпалдастыру әрі электрондық құжат айналымына толық көшуге байланысты архив ісі саласындағы заңнаманы жетілдіру. Сонымен қатар, қолданыстағы экономикалық және әкімшілік реформалар жағдайында архив ісін реттеуде жаңа құралдардың пайда болуына байланысты қолданыстағы заңнаманың кейбір ережелері заманауи талаптарға сәйкес келмейді», — деді басшы.

Осы орайда ведомство басшысы заң жобасы аясында Ұлттық архив қоры және электрондық құжат әрі электронды цифрлық қолтаңба туралы заңдарына толықтырулар мен өзгертулер енгізу көзделетінін атап өтті.

Сонымен қатар, Арыстанбек Мұхамедиұлы аталған құжаттың қандай салаларды реттеуге бағытталғанын түсіндірді.

«Біріншіден, архив, архив құжаттары және архив ісі сынды түсініктер нақтыланады. Сонымен қатар, ұлттық архив қорындағы мемлеттік құжатты тіркеу және аса құнды құжаттарды әрі басқада құжаттарды құжаттамалық басқаруды қамтамасыз ету сынды түсінік қолданысқа енгізіледі. Екіншіден, мемлекеттік архив жүйесін ҚР Тұңғыш президенті – Елбасының кітапханасына әрі арнайы мемлекеттік архивке қосу көзделеді. Үшіншіден, мемлекеттік архив ұсынатын қызметтерді кеңейту қарастырылады, оның ішіне ақылы қызметтер де кіреді», — деп түйіндеді сөзін министр.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.