Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0 0

Қазақстанның үш облысында қатты желге байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Синоптиктердің ақпараты бойынша, 24 қаңтар күндіз, 25-27 қаңтарда Қызылорда облысында шығыс, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 18-23, кей жерлерде 30 м/с болуы мүмкін. 24 қаңтар күндіз, 25 қаңтар күні Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел тұрып, оның екпіні 18-23, кей жерлерде 30 м/с-ге жетуі мүмкін. 25-27 қаңтар аралығында Оңтүстік-Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан жел соғуы мүмкін, оның жылдамдығы 18-23, кей жерлерде 30 метр секунд және одан көп болады деп күтілуде. Дауылдың ықтималдылығы 90-95%.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.