«Нұрлы жер» бағдарламасы жас отбасыларға түсіндірілді

0 2

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының мәжіліс залында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру бойынша ақпараттық насихаттық топ мүшелері жас отбасыларымен кездесу өткізді.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында жас отбасылар үшін екінші деңгейлі банктерден берілетін ипотекалық қарыздары әлдеқайда қолжетімді болады. Сонымен қатар, ипотекалық несиелеу нарығын жандандыру мақсатында азаматтарға екінші деңгейлі банктердің алғашқы тұрғын үйді сатып алуға берілетін ипотеканың пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін мемлекеттің субсидиялайды. Бұл жеңілдіктер халықтың сұранысын ынталандыруға бағытталған.

Кездесуде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының бас кеңесшісі Ардақ Әбдібаева бағдарлама аясындағы алғашқы жарнасы үй құнының 30%-ын құрайтын несие бойынша мөлшерлеме 5%-дан басталатынын жеткізді.

Ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға қол жеткізу мүмкіндігі бар. Бағдарламаға қатысу үшін өтініш берушінің, соның ішінде жергілікті атқару органдарының кезегінде тұрған тұрғынның атында жинақ шарты болуы керек немесе ашуы қажет деді,- филиалдың бас кеңесшісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.