Тараз қаласында гүлдер мен көшеттер өсіретін арнайы бақ ашылмақ

0 2

Облыс әкімі А. Мырзахметов Тараз қаласындағы бірқатар кәсіпорындар мен мекемелердің  жай-күйімен танысу мақсатында облыс орталығын аралап шықты.

Жұмыс сапарының екінші күнін аймақ басшысы «Жасыл Ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысудан бастады. Қалдықтарды өңдеу және қайта кәдеге жарату, жою қызметтерін ұсынатын мекемеде қазір 236 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ, қала көшелерінің тазалығын сақтаумен айналысатын серіктестің бұл бағытта жұмылдыруға 80 бірлік техникасы сақадай-сай тұр. Дегенмен, мекеменің техникалық әлеуеті толассыз жауған қарды тазалауға жетпейді. Сондықтан да, облыс әкімі серіктестік жетекшілеріне қыстың көзі қырауда қапы қалмас үшін өңірдегі барлық мекемелердің техникаларын тарту туралы келісімшартқа отыруды тапсырды.

Сонымен бірге, мекеменің жылдық жұмысының жоспары түзеліп, кіріс-шығыстары мен жұмысшылардың еңбекақысы төлеу де жүйелене түседі. Ал қала билігі серіктестіктің шаһар көшелерінің шырайын келтіретін сәнді гүлдер мен ағаштарының көшетін баптап өсіретін арнайы бақтың құрылысын қолға алатын болады. Бір сөзбен айтқанда қаланың тазалығы мен көгалдандыру ісі шаһар басшысы жұмысының негізгі көрсеткішіне айналады.

Мәлімет облыс әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Leave A Reply

Your email address will not be published.