Индустриалды аймақтарды облыс әкімдігінің меншігіне алу туралы ұсыныс айтылды

0 0

Облыс әкімі А. Мырзахметов Тараз қаласындағы бірқатар кәсіпорындар мен мекемелердің  жай-күйімен танысу мақсатында облыс орталығын аралап шықты.

Өңірдегі металлургия ісінің көшбасшысы саналатын «Тараз металлургия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысқан облыс әкімі салалық басқармалардың басшыларының назарын мекемеге қажетті электр энергиясы мен темір жол көлігімен жүк тасымалдау қызметіне бағасының өсу мен маман тапшылығы мәселесіне аударды. Сондай-ақ, облыстағы индустриалды аймақтарды облыс әкімдігінің меншігіне алу қажеттігі айтылды. Сол арқылы, жергілікті билік инвесторларға тиімді инвестициялық климат қалыптастырып, олардан әлеуметтік жауапкершілікті талап ететін болады.

Өңір басшысы жер асты суларын өндіру арқылы қала тұрғындары мен кәсіпорындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін «Тараз су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының да жұмысымен танысып шықты. Бүгінде кәсіпорын өзінің 2017-2022 жылдарға арналған ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламасына сай жұмыс жасауда. Бағдарлама нәтижесінде кәсіпорын халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету қызметінің сапасын арттыруға және ресурстарды үнемдеуге қол жеткізбек.

Мәлімет облыс әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Leave A Reply

Your email address will not be published.