Үш жылда алғаш рет Brent маркалы мұнайдың бағасы 71 доллардан асты

0 0

Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы үш жылда алғаш рет 71 доллардан асты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Астана уақытымен сағат 09:45 шамасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,63% өсіп, 70,96 долларға жетті.

Мұның алдында кешкі сауда кезінде Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 71,03 доллар болған-ды. Бұл аталған мұнай бағасының 2014 жылдың 3 желтоқсанынан бері алғаш рет өсуі.

Ал WTI маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 0,93% өсіп, 66,22 долларға жетті.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.