Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті брифинг өткізді. Жиында департамент басшысы Мақсұт Нәлібаев облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің өткен жылдағы жұмысы туралы мәлімет берді.
– Мемлекеттік қызмет саласын және Әдеп кодексінің талаптарының сақталуын бақылау Департамент жұмысының негізгі бағытарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, Әдеп жөніндегі кеңес мәжілісінде 59 мәселе талқыланып, олардың арасында 35 тәртіптік іс қаралды. Тәртіптік істерді қарау нәтижесі бойынша 30 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс берілсе, қалған 5-і қысқартылды. Жалпы жазаға тартылғандардың 6-ы қызметтерінен босатылса, 23-не қызметіне толық сәйкес еместігі жөнінде ескерту және 1-не сөгіс берілді.
Сонымен қатар, осы саладағы әкімшілік тәжірибе бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзу бойынша, 9 әкімшілік іс, сондай-ақ, 2-бөлігімен, адамдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымнан құқыққа сыйымсыз босату бойынша, 1 әкімшілік іс қозғалды, – департамент басшысы.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасымен қайырылған азаматтардың құқығын қалпына келтіру қызметін жүзеге асырылған. Нәтижесінде, аталған басқарма тарапынан 194 өтініш – 175-і жеке тұлғалардан, 22-і заңды тұлғалардан алынып, қаралған. Әр өтініш бойынша Департамент басшылығымен қатаң бақылауға алынып, жеке қабылдаулар жүргізіліп, тиісті түсіндірмелер берілген.