Қазақстан құрамасы допты хоккейден әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

0 14

Ресейдің Хаваровск қаласында өтіп жатқан бендиден 2018 жылғы әлем чемпионатында Норвегия командасын 6:1 есебімен жеңген Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 Әлем біріншілігінің ширек финалында қазақтандық бендишілер Норвегия спортшыларымен кездесіп, 6:1 есебімен жеңді. Жартылай финалда Швеция мен Венгрия арасындағы ойын жеңімпаздарымен қарсылас атанып, финалдық жолдамаға таласады.

Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы Венгриямен өткен алғашқы ойында 29:0 есебімен жеңіске жетсе, екінші ойында АҚШ құрамасын 14:1 есебімен ұтты. В тобының соңғы матчында отандық бендишілер Германияны 17:2 есебімен ұтып, ширек финалға шыққан болатын.

Жартылай финал ойындары сенбі күні өтеді. Бендиден 2018 жылғы әлем чемпионаты 4 ақпан күні аяқталады.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.