Таразда емханаға жарылғыш зат қойғаны жөнінде жалған хабар берген күдікті ұсталды

0 13

Тараз тұрғыны емханаға жарылғыш зат қойдым деп шаһарды дүрліктірді.

Мұндай хабарлама полицейлерге түнгі 3:30 шамасында түскен. Белгісіз біреу бір келі тротилды төртінші шағынаудандағы жеті қабатты емханаға қойғандығын жеткізіп, егер оған бірдеңе болатын болса, жарып жіберетіндігін айтқан. Тәртіп сақшылары ақпарат бойынша оқиға орнына жедел жетіп, ғимаратты оқшаулаған. Арнайы қызмет мамандары мен үйретілген иісшіл иттер тартылды. Жіті тексеруден кейін онда ешқандай да күдікті зат табылмаған. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, жалған ақпар берген адам қолға түсті. Ол 43 жастағы бұрын істі болған Тараз тұрғыны болып шықты. Қазір ұсталған азамат істеген ісін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.