Еліміздің басым бөлігіне тұман түсіп, көктайғақ болады

0 0

Бүгін еліміздің басым бөлігіне тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі«Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, тек республиканың оңтүстік-шығысында, орталығында және шығысында жауын-шашын болмайды.

Елдің кей жерінде жел күшейеді, жаяу бұрқасын соғып, батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 25 м/с күшейеді.

Жамбыл, Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерінде көктайғақ болады.

Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, бұрқасын болуы ықтимал.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.