ҰҚК Мұратхан Тоқмәдидің ұсталуына қатысты пікір білдірді

0 12

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қазақстандық бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің ұсталуы жайлы пікір білдірді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz .

«2018 жылдың 8 наурызында шамамен сағат 19.20-да Әбләзовтің тапсырмасымен»Тұран Әлем Банк» АҚ Басқармасының бұрынғы төрағасы Е.Н. Тәтішевті өлтірді деген күдікке ілінген Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының тумасы,1966 жылы дүниеге келген Мұратхан Тоқмәди Шәкерханұлы Жамбыл облысындағы облыстық ауруханадан қашып кетті», —  делінген хабарламада.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтіп жатқан сот отырысы барысында Мұратхан Тоқмәди денсаулығының нашарлағанын айтқан. Сол себепті күдікті уақытша Жамбыл облыстық ауруханасында болған.

«Мұратхан Тоқмәди жүргізілген шаралар барысында жедел түрде ұсталып, Жамбыл облысындағы 158/1 мекемесіне уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақыттаТоқмәдидің қалай және не себепті қашып кеткені анықталып жатыр», — делінген ҰҚК хабарламасында.

Осыған дейін бизнесменнің ұсталғаны жайлы мәлімет таралған еді. Бұл мәліметті ҚР Ішкі істер министрлігі Жедел басқарма орталығының өкілдері растаған болатын. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Тоқмәди Тараздағы №1 ықшамауданда ұсталды.

Ал кеше, 8 наурызда әлеуметтік желілерде Мұратхан Тоқмәдидің қашып кеткені жайлы мәлімет таралған еді.

«08.03.2018 жылы кешкі 19.30 бен 20.00 арасында Тараздағы облыстық ауруханадан Мұратхан Тоқмәди белгісіз бағытта қашып кеткен, ол адам өлтірді деген айыппен қамауда болған. Ол тізеге дейін түсетін қара күрте мен джинс киген, аяғында не туфли, не кроссовка болған», — делінген еді хабарламада.

Осыған дейінгі сот отырысында бизнесмен өз кінәсін мойындаған еді.

Еске сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди былтыр 12 маусымда ұсталған болатын. Алматыда арнайы қызмет «Депутаттық корпус» атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген еді. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты «ҚазШыныҚұрылыс» зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған. Ал таяуда бизнесменге қатысты үкім шыққан. Мұратхан Тоқмәди 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.