Америкада мектепте атыс болып, бірнеше адам жарақат алған, деп al.com хабарлады.
Оқиға Алаба штатындағы Бирмингем қаласында болған. Жергілікті полицияның мәліметінше, 17 жасар оқушы қыз қаза тауып, оның сыныптасы мен мектеп қызметкері жарақат алды. Қазір олар ауруханада. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, атыс «абайсызда» басталған. Бірақ, әдейі жасалған болуы мүмкін дегенді де қарастырып отыр. Атысты мектепке қатысы бар адам жасағаны да белгілі.
Бірақ жергілікті билік кімнің жасағаны мен қандай қару қолданғанын жарияламай отыр.