Әли Оқапов Вьетнамда кіммен демалып жүр?

0 13

Таяуда ғана Вьетнамға бейтаныс бойжеткенмен аттанған Әли Оқаповты ғаламтор қолданушылары біраз талқыға салған еді. Тіпті белгісіз аруды Роза Рымбаеваның болашақ келіні деп, болжағандардың санында шек болмаған-ды! Бүгінде шет елден оралып, шығармашылыққа белсене кіріскен Әли Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат беріп, қасындағы қыздың кім екенін ашып айтты.

«Ол қызды менің құрбым деп айтуға болады. Мәдина Аманова деген қзы. Жалпы оны көпшлік таниды. Әртіс ретінде емес, сән әлемінің өкілі деп айтуға болады. Сән әлеміне байланысты шараларды ұйымдастырушы адам. Біздің дос болғанымызға біраз жылдар болды. Сондықтан неге бірге бармасқа деген шешім қабылдадық. Бұл бірінші рет емес біздің шет елге шыққанымыз. Ол бір баланың анасы. Сондықтан артық сөздердің қажеті жоқ, артық ойлардың қажеті жоқ деп ойлаймын. Өйткені ол менің жай ғана досым», – дейді Әли.

Бір баласы бар келіншектің Әлимен шет елге аттануы көптің көңіліне күдік ұялатуы әбден мүмкін. Десек те сері бұл сапары жайлы құпия сақтауды жөн көрген сияқты. Алайда, шекара асқан ұлының демалысынан Роза Қуанышқызы қаншалықты хабардар? Әнш жігіттің өзінен сұрап көрдік.

«Барлығын қадағалап немесе бақылып жүреді деп айта алмаймын. Біріншіден теледидардан бөлек, әлеуметтік желі де бар ғой. Анам әлеуметтік желіні қолданбайды. Бірақ қатысты кей жаңалықтарды білетін шығар. Мүмкін біреу жеткізетін шығар. Біреуін байқамай қалатын шығар. Бірақ ешқашан да маған «Балам, осылай болып, осылай жазыпты немесе сен жайлы осылай болыпты» – деп айтпайды маған», – дейді Халық әртісінің ұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.