Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегінің қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында GGG-ден жанкүйерлердің бірі туға қолтаңба қалдыруды сұрады. Ол өтінішін «Өтінемін, Гена, өтінемін» деп айғайлап жеткізген, деп хабарлайды Today.kz.
GGG рәмізге қолтаңба қалдырудан бас тартты.
«Қыздар, туға болмайды (қолтаңба қоюға, – ред.), болмайды», – деді боксшы.
Адал жанкүйері мен Геннадий Головкин арасындағы диалогты басқа жанкүйерлер видеоға түсіріп алған.