Кемероводағы қайғылы оқиға: Жалға берумен айналысқан компания басшысы ұсталды

0 10

Кемеровода өртенген «Зимняя вишня» сауда орталығындағы «Кемеровский кондитерский комбинат» компанияның бас директоры Юлия Богданова ұсталды, — деп Zhambylnews AA хабарлайды Tengrinews.kz cілтеме жасап.

«Бүгін «Кемеровский кондитерский комбинат» компаниясының бас директоры Юлия Богданова ұсталды. Сауда орталығында өртенген ғимарат осы кәсіпорынға тиесілі. Тергеу барысында Богданованың өрт қауіпсіздігіне жауапты адам екені анықталды. Алайда Богданова қауіпсіздікпен емес, жаңа сауда орындарын жалға берумен айналысып келген. Өртке қарсы қауіпсіздік шараларын қабылдауға қатысты ешқандай әрекет жасамаған», — делінген РФ Тергеу комитетінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеушілердің Богданованың үйін тінтіп жатқаны айтылады.

Осыған дейін Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтқан болатын. Губернатордың айтуынша, қаза тапқан адамның отбасына 5 миллион рубль беріледі. Ал өрттен жеңіл жарақат алғандарға — 400 мың рубль, ауыр жарақат алғандарға — 800 мың рубль.

Айта кетейік, Кемеровтің орталық алаңында митинг болған еді. «Кемеровте митинг. 4 мыңға жуық адам әкімшілік ғимараттың маңына жиналып, Аман Төлеевтің отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Жиналғандардың ішінде «Зимняя вишня» сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандардың туыстары», — деп жазған еді осыған дейін БАҚ өкілдері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.