2018 жылғы 25 наурызға тағайындалған Жамбыл облысы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына барлығы 3 мандат сайлау өтті, деп хабарлайды Zhambylnews AA.
Депутаттарды сайлау Жуалы ауданы, Т.Рысқұлов ауданы, Мойынқұм ауданы округтері бойынша өтті .
Сайлау учаскелері сағат 6.00-де ашылып, дауыс беру сағат 7.00-20.00 аралығында жүргізілді.
Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі бойынша ұсынылған ақпараттарға сәйкес, кешкі сағат 20.00-ге 3 аудан бойынша 4900 сайлаушы, яғни тізімге енгізілгендердің 80,6% дауыс берді (Жуалы 1722-87%, Т.Рысқұлов 2048-76,8%, Мойынқұм 1130-78,9%) .
Дауыс берудің нәтижелері бойынша келесілер мәслихат депутаттары болып:
Жуалы аудандық мәслихатын сайлау жөніндегі №2 округ бойынша Мусаханова Гүлнар Махамбетовна, «Нұр Отан» партиясының мүшесі (1442 дауыс-83,7 %);
Мойынқұм аудандық мәслихатын сайлау жөніндегі №4 округ бойынша Рысымбетов Пернебай Рысбаевич, «Нұр Отан» партиясының мүшесі (796 дауыс-70,4 %);
Т.Рысқұлов аудандық мәслихатын сайлау жөніндегі №12 округ бойынша Базаркулов Нурдос Жексенович, «Нұр Отан» партиясының мүшесі (1718 дауыс-83,9 %).
Сайлау қорытындылары бойынша сайлау туралы заңнамаларды бұзу фактілері бойынша арыз-шағым түскен жоқ.