Қазақстанда дәрі-дәрмек айтарлықтай қымбаттаған

0 3

Energyprom.kz агенттігінің сарапшылары Қазақстандағы дәрі-дәрмектер мен фармацевтикалық препараттардың қаншалықты қымбаттағанын анықтап көрді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

2018 жылдың бірінші жартысындағы көрсеткіштерге қарағанда фармацевтикалық өнімдер бірден 2 пайызға қымбаттаған. Ал былтырғы жылмен салыстырғанда 6,6 пайызға қымбаттаған екен.

Сарапшылардың мәліметінше, гормоналдық препараттардың бағасы қымбаттаған — бірден 20,5 пайызға. Сондай-ақ, бір жылда анальгетиктердің 12,7 пайызға және асқазандық дәрі-дәрмектердің 9,1 пайызға қымбаттағаны айтылады.

 

Сонымен қатар, дәрі-дәрмек бағасы айтарлықтай қымбаттаған өңірлер анықталды. «Алматы облысы бірден 14 пайызға, Маңғыстау облысында 11,9 пайызға және Атырау облысында 10,9 пайызға қымбаттаған. Ал ШҚО-да керісінше, тек 0,9 пайызға қымбаттаған», — делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Біздің Telegram-парақшамызға  Жазылыңыздар!

Leave A Reply

Your email address will not be published.