Ауыл шаруашылығы өнімдерін «егістіктен үстелге дейін» қадағалау жүйесі енгізіледі

0 1

Елордада «Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру күні» өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Агоөнеркәсіп кешені салаларын цифрландыру жұмыстарын екі бағытта жүргізіп жатырмыз. Біріншіден, субсидиялау, ветеринарлық қызмет сынды бағытты мемлекет жүзеге асыруы тиіс. Ал екінші бағытта агротехнологияларды тарту жұмыстары жүргізілуі қажет. Мәселен, нақты жерді пайдалану, мал шаруашылығы саласындағы smart-технологиялар енгізу керек. Міне, осының барлығын ІТ-бизнеске түсіндірмекпіз. Олар да өз мүмкіншіліктерін ұсына алады. Жалпы бүгінде саланы цифрландыру жұмыстарын бастап та кеттік. Әр облыста ілкі жоба ретінде фермерлік шаруашылықтарды белгілеп қойдық», — деді шара аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-миинстрі Арман Евниев.

Оның айтуынша, нақты егіншілік элементтерін енгізу фермерлерге өндірістік тиімділікті айтарлықтай жақсартуға және кешенді түрде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығынын кемінде 25 пайызға азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай элементтерге егістіктердің электронды карталары, ауа райының нақты деректері, сенсорлар мен датчиктер және ғарыштан мониторинг жасау жатады.

«Smart-технологиялар енгізу мал басына мониторинг жүргізуге, жылыжылайларды дербес басқаруға, онлайн режімде шығындарды есептеп талдау жүргізуге мүмкіндік береді», — деді ол.

Айта кетерлігі, министрлік мәліметіне қарағанда, 2019 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін «егістіктен үстелге дейін» қадағалау жүйесі енгізіледі. Оған мал шаруашылығы, өсімдік және балық өнімдерін бақылау кіреді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін «егістіктен үстелге дейін» қадағалау жүйесі енгізіледі

Leave A Reply

Your email address will not be published.