Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жыл басынан бері ҚР ӘКБтК 204 бабы «Белгiленбеген орындарда сауда жасау» бұзудың 600-ден астам оқиғасын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары белгіленген орындардан тыс жерлерде сауда жасау фактілеріне жол бермеу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізіп отырады.
Тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында Уәлиханов көшесіндегі «Тұлпар» сауда орталығына қарама-қарсы орналасқан, белгіленген орындардан тыс жерде сауда жасау фактісі анықталды.
«22 жастағы азаматқа 5 АЕК (12025 теңге) көлеміндегі айыппұл салынды. Содай-ақ, құқықбұзушыға заңнаманың негізгі баптары түсіндіріліп, қала аумағындағы базарлар мен жәрмеңкелердегі орындарда сауда жасау ұсынылды», — делінген ведомствоның хабарламасында.
Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен жыл басынан ҚР ӘКБтК 204 бабы «Белгiленбеген орындарда сауда жасау» бойынша 600-ден астам құқықбұзушы тіркелді.