2022 жылы еліміздегі орта мектептердің 1-4 сыныптарының оқу бағдарламасына футбол сабағы енгізіледі, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА 24.kz ресми сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, аймақтарда «Жас Қыран» лигасы құрылып, жасөспірімдер арасындағы тұрақты біріншілікке айналады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының 17-конференциясында қауымдастықтың бас хатшысы Азамат Айтқожин мәлім етті. Қазір еліміздегі футбол орталықтарында 6175 бала жаттығады. Жалпы 200 мың жеткіншек аяқ доппен айналысады. Алайда доп тебетін алаңдар жетіспейді. Осы мәселелерді шешу үшін «Алға, Қазақстан» атты футболды дамыту бағдарламасы қабылданды. Енді кәсіби командалардың жеке академиясы болуы керек. Сонымен қатар, Федерация жанындағы техникалық орталықтың да жұмысы сынға алынды. Себебі, жаттықтырушылар дайындауы тиіс орталықта біліктілігі төмен мамандар жұмыс істейді. Бұл олқылықты жоюға УЕФА-дан арнайы футбол мамандары шақырылды. Жиында жасөспірімдер командалары құрылатыны да сөз болды.
Қанат Мұсатаев, «Тараз» футбол клубының директоры:
— Құрама команда мұнда тек қана ресми 17 жасқа дейін Еуропаның турнирі болатын еді. Енді 14 жастан бастап жатырмыз. 14-15 жасар балалардан құралады. Бізде тәжірибе жоқ балаларда. Ерте бастасақ сосын олар 17 жасында басқаша ойнайды.