Талас ауданының Ақкөл – Ойық автокөлік тас жолы бойында орын алатын дала өрттерінің алдын алу мақсатында оқу — жаттығу өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Ерікті өрт сөндіру жасақтарының дайындығын бағалау үшін арнайы ұйымдастырылған іс — шараға ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөнінде КММ-сі, Талас ауданы ТЖ бөлімі және Ақкөл ауылдық № 2 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамы қатысты.
Жаттығу барысында дайындықтарын үлкен деңгейде көрсеткен ауылдық округтерде құрылған ерікті өрт сөндіру жасақтарының іс-қимылдарына жоғары баға берілді.
Қорытындысында алдағы өрт қаупі жоғары кезеңде өртті болдырмау және өрттің алдын алу мақсатында қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша қатысушыларға нұсқамалар берілді.