2018 жылдың алғашқы 4 айында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 6565 адам қамтылып, оның ішінде 2639 адам тұрақты негізде жұмысқа орналасқан, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 1-ші бағыты бойынша қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға 4100 адам жолданатын болады. 10 -сәуірден бағдарламаға қатысушылардың 1- легі оқуды бастады.
2018 жылы бағдарламаның 2-ші бағыты аясында ауыл тұрғындарына несие беруге барлығы 2611,0 млн.теңге бөлінген.
Елбасының бес әлеуметтік бастамасына сәйкес тағы да 2,0 млрд.теңге бөлінеді деп күтілуде.
Сонымен қатар, қалада шағын несие беруге республикалық бюджеттен — 235,5 млн.теңге бөлінген.
Бағдарламаның 3-ші бағыты аясында 2018 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 1144 орынға 203,5 млн.теңге қаралып, алғашқы 3 айда бұл жұмыстарға 792 адам жолданыпты.
Сонымен қатар, жастар практикасына барлығы 2153 орынға 601,6 млн.теңге қаралып, алғашқы 3 айда бұл жұмыстарға 930 түлек жолданды.