Кәсіпкерлерге қатысты «бір өтініш» қағидаты іске қосылды

0 0

Электрондық үкімет порталында кәсіпкерлердің игілігі үшін «Банктік шот ашуды және қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезінде жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыруды ескере отырып, заңды тұлғаны тіркеу» композиттік қызметі іске қосылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Енді жеке ісін ашқысы келетін азаматтар үш қызметті бірден ала алады: заңды тұлғаны тіркеу, банктік шот ашу және сақтандыру туралы келісім-шарт жасау. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету барысында «бір өтініш» қағидатын қолданудың үлгісі болып табылады.

Енді екі күннің ішінде (өтініш берген күнді есептемегенде) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуге алынғаны туралы куәлікті, банктік шот нөмірін және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтау туралы қол қойылған келісім-шартты алуға болады.

Айта кету керек, бұл композиттік қызметті қолдану үшін құрылтайшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болып, порталда тіркеуден өтуі тиіс.

Leave A Reply

Your email address will not be published.