6 мамыр күні өтетін іс – шара Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Қатысушылар «Достық» орталық алаңы — «Әулие Ата» әуежайы бағытында 10 шақырымға созылған қашықтықта жарысады.
Велошеруді өткізу бойынша үйлестіруді облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Тараз қаласының әкімдігі жүзеге асырады.
Жарысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты — облыс тұрғындарын қолжетімді спортпен шұғылдануға шақыру.